• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 8 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ҚОСЫМША МЕКТЕП ҒИМАРАТТАРЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

03.09.2024
in Басты ақпарат
ҚОСЫМША МЕКТЕП ҒИМАРАТТАРЫ ҚОЛДАНЫСҚА БЕРІЛДІ

Түркістан болысы халқының саны жағынан республикада алдыңғы орында болғандықтан мұнда оңтүстікке тән демографиялық көрсеткіш те жоғары деңгейде. Сол себепті де облыс аумағындағы елдімекендерде білім беру мекемелерінде оқушыларға орын жетіспеушілігі туындап отырады. Сондықтан да, облыстың өңірлерінде қосымша мектеп ғимараттарының құрылысы әрдайым жүргізіліп, қолданысқа берілуі арқылы оқушылардың нормадан тыс тығыздығын реттеп, немесе жетіспейтін сынып, кабинеттер қосымша ашылады.
1 қыркүйек – Білім күніне орай, Сайрам ауданы, Қайнарбұлақ ауылдық округіне қарасты Қасымбек датқа ауылында «Бақдәулет» жекеменшік бастауыш мектебінің 500 орындық қосымша жаңа ғимараты ашылды. Салтанатты шара барысында аудан әкімі Арман Сәбитов жиынға қатысушыларды айтулы күнмен құттықтап, оқу ордасының ұжымына жүрекжарды лебізін жеткізді.
– Сіздерді жаңа оқу жылынының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Былтыр бұл ауылда «Green school» жайлы мектебі қолданысқа берілген болатын. Міне, енді бүгін оқушыларға қолайлы жағдай қалыптастыратын алтын ұялардың қатары тағы да артып отыр. Аталған білім ордасында арт терапиялық, көңілді кітапхана, домбыра, гимнастика, шахмат және таэквондо тәрізді үйірмелер жұмыс істейді. Оқушылардың озық ойлы, бәсекеге қабілетті болуы үшін ағылшын және математика пәндері тереңдетіліп оқытылады. Жаңа оқу жылы табысты болсын! – деді аудан әкімі.
Бүгінде Мемлекет басшысының қолдауымен елімізде білім ошақтарының құрылысы қарқынды қолға алынуда. Сайрамда осы бағытта ашылған мектепте оқушылардың жандүниесі жан-жақты дамып-жетілуі үшін психолог, логопед және дефектолог мамандар жұмыс істейді. Жан-жағының бәрі заманауи камералармен жабдықталған оқу ошағында оқушылардың жүріп-тұру тасымалы мен 3 мезгіл ыстық ас мәзірі де мемлекет есебінен тегін қарастырылған.
Бүгінгі маңызы мол жиын барысында қатысушы қонақтарға ұстаздардың «Жасанды интеллект» инновациялық жобасы аясында жеткен жетістіктері таныстырылды. Өскелең ұрпаққа сапалы білім мен өнегелі тәрбие беруге бағыттаған жиын соңы мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндердің қоңырау соғып, мектеп ұжымының мерекелік бағдарламасымен ұласты.
Сол сияқты Білім күніне орай Келес ауданының Қошқарата ауылдық округіне қарасты Бесқұбыр елдімекенінде №25 С.Сейфуллин атындағы жалпы білім беретін мектебіне 300 орындық қосымша жаңа ғимарат пайдалануға берілді. Тұрғындарды бүгінгі мерейлі мерекемен құттықтауға арнайы келген аудан әкімінің орынбасары Сариев Дәурен Нұрланұлы мектеп ұжымына шығармашылық табыс тіледі
— Баршаңызды жаңа оқу жылынының басталуымен шын жүректен құттықтаймын. Бесқұбыр ауылында халық тығыз орналасып, жаңа білім нысанын сұранған болатын. Бүгінгі мерейлі мерекеге орай оқушыларға жаңа білім нысаны қолданысқа беріліп отыр. Мектеп ғимаратында тігін шеберханалары, спорт зал, жаңа техникалармен жабдықталған асхана, оқу кабинеттері орналасқан, — деді Даурен Нұрланұлы өз сөзінде.
Айта кетейік, қазіргі таңда аталған білім мекемесінде 800-ге жуық оқушы білім алады. Биыл 1-сыныпқа 69 оқушы қабылданды. Жалпы білім ордасы 1971 жылы ашылған. Сондай-ақ, аудан бойынша бүгінде 65 білім беру мекемесі бар болса, жыл соңына дейін «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 3 мектеп қолданысқа берілуі жоспарлануда.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

07.04.2026
Алгоритм действий  при обнаружении «закладок» наркотиков  или лиц, осуществляющих их сбыт

Алгоритм действий при обнаружении «закладок» наркотиков или лиц, осуществляющих их сбыт

06.04.2026

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ДАНЬ ГЕРОИЗМУ: 7 АПРЕЛЯ ОТМЕЧЕН ДЕНЬ МУЖЕСТВА НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

07.04.2026
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

07.04.2026
Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған