• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 8 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

БІЛІМ КҮНІНДЕ ЖАҢА МЕКТЕП ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ

03.09.2024
in Басты ақпарат

Қазақстанда білім беру саласын реформалап, жетілдіре түсуге соңғы жылдары көп көңіл бөлінуде. Ауыл мен қала мектептері арасындағы білім беру процестеріндегі айырмашылықтарды біртіндеп жойып, еліміздің барлық өңірлерінде бірдей деңгейдегі оқыту процесін қалыптастыру бойынша мемлекеттік деңгейде жұмыс жүргізілуде. Сондықтан да білім күніне арналған мерекелер барлық өңірлерде жоғары деңгейде ұйымдастырылып, заманауи талаптарға сай жабдықталған жаңа мектептер пайдалануға берілуде.
Еліміздің барлық өңірлерінде сияқты Түркістан облысының аумағында да Білім күні мерекесі ерекше салтанатпен аталып өтті. Меркелік шара Отырар ауданында да жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мерекеде жаңа мектептің лентасы қиылды.
Балтакөл ауыл округі, Ақкөл елді мекеніндегі Ж.Егембердиев мектебінің ашылу салтанатына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы мен аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов арнайы қатысып, ауыл тұрғындарын қатар келген қос қуанышымен құттықтады.
Аудан басшысы өз құттықтау сөзінде: «Ақкөл елді мекеніндегі ескі мектептің орнына жаңа оқу ордасын салу ауыл халқының көптен бері көкейінде жүрген мәселенің бірі еді. Міне бүгін біз осынау ел күткен тарихи сәтке куә болғалы тұрмыз. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында білім беру мен ұрпақ тәрбиесінің маңыздылығына айрықша тоқталған еді. Әрине бәсекеге қабілетті дамыған мемлекеттердің қатарында болу үшін білім беруде заман талаптарына жауап беретін жаңаша жетістіктер қажет.
Тәуелсіз Қазақстанның алдында бәсекеге қабілетті, өркениетті елдердің қатарынан көріну міндеті тұр. Бұл өз кезегінде ұстаздардың мойнына екі есе жауапкершілік жүктейді. Себебі, ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті ұрпақты тәрбиелеу сіздердің қолдарыңызда. Баршаңызды бүгінгі Ақкөл елді мекеніндегі 100 орындық Ж.Егембердиев атындағы негізгі мектебінің ашылуымен құттықтай отырып, жаңа оқу ордасынан талай білімді, дарынды азаматтардың шыға беруіне тілектестігімді білдіремін»,-деді.
Сондай-ақ жиында аудандық мәслихат төрағасы ертеңге сенім артқан жас жеткіншіктердің заманға сай білім алуына бар жағдай жасау бүгінгі қоғамның басты міндеті екенін айтып, жаңа оқу жылында мектеп табалдырығын аттағалы тұрған оқушыларға сәттілік тіледі.
Мұнан соң жаңа мектептің лентасы қиылып, шараға келген көпшілік ғимараттың ішкі бөлмелері мен заманауи жабдықталған сыныптарды аралап, танысып шықты.
Ауыл тұрғындарын қуанышқа бөлеген тарихи сәт одан әрі білім күні мерекесімен жалғасын тауып, жиынға келген ата-аналар мектеп табалдырығын аттаған жас бүлдіршіндердің алғашқы қоңырау соғу сәтіне куә болды
Отырар ауданындағы білім беру ұйымдарының жалпы саны- 41, Оның ішінде 40 мектеп мемлекеттік, 1 бастауыш мектеп жекеменшік-әріптестік аясында салынған. Аудандағы жалпы білім беретін мектептерде 13229 оқушы білім алады. Биыл аудан бойынша 1200-ге жуық бала алғашқы қоңырау үнін естіп, мектеп табалдырығын аттап отыр.
Отырар аудандық білім бөліміне қарасты Ж.Егембердиев атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебінің оқушылары 1990 жылдан бастап 2024 жылға дейін ыңғайластырылған жайда білім алып келді. Жаңа мектептің типтік жаңа ғимаратының құрылысы 2023 жылы қазан айында басталып, 2024 жылы 1 қыркүйекте пайдалануға беріліп отыр. Мектеп ғимаратының жобасы 100 орындық балаға арналған, екі қабатты, типтік жайда салынған. Мектептің жаңа типтік 5 оқу кабинеттері және бір интерактивті-компьютер бөлмесі, ыстық тамақ берілетін 36 орындық асхана жайы бар. Сондай-ақ, спорт залы және оқу жаттығу сабақтарына арналған құрал-жабдықтарымен қамтылған.

Оқи отырыңыз...

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

07.04.2026
Алгоритм действий  при обнаружении «закладок» наркотиков  или лиц, осуществляющих их сбыт

Алгоритм действий при обнаружении «закладок» наркотиков или лиц, осуществляющих их сбыт

06.04.2026
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ДАНЬ ГЕРОИЗМУ: 7 АПРЕЛЯ ОТМЕЧЕН ДЕНЬ МУЖЕСТВА НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

07.04.2026
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

07.04.2026
Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған