• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 7 сентября, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Мемлекеттік тіл – ең бірінші мемлекеттің мәртебесі

27.08.2024
in Құқық-заң
Мемлекеттік тіл – ең бірінші мемлекеттің мәртебесі

Мемлекеттік тіл – тәуелсіз еліміздің негізгі рәміздерінің бірі болып саналады. Әрбір тәуелсіз, тұғырлы елдің туы, елтаңбасы, әнұраны, шекарасы болатыны сияқты мемлекеттік тілі де болады. Демек, мемлекеттік тіліміз егеменді ел екеніміздің бір белгісі.  Қазақ тілі тек қазақ халқының тілі емес, Қазақстанда тұратын, оны Отаным деп қабылдайтын, өзін Қазақстанның патриоты деп есептейтін әрбір азаматтың тілі.

Оқи отырыңыз...

Тілім менің – тірлігімнің айғағы

Тілім менің – тірлігімнің айғағы

04.09.2025
ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ

ЗАКОН ЕДИН ДЛЯ ВСЕХ

02.09.2025
ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ

ЗАҢ БӘРІНЕ ОРТАҚ

02.09.2025

«Тіл – тіршіліктің бастауы» деп бекер айтылмаған. Себебі, адам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, үйрене бастайды.

Мемлекеттік тіл мәртебесі Конституцияда бекітілген, мемлекеттік мекемелерде іс-қағаздар осы тілде жүргізіледі. Қазақстан Республикасынының 1997 жылы 11 шілдедегі «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы заңы» қабылданған. Осы заңның 4 бабында «Мемлекеттік тіл-мемлекеттің бүкіл аумағында қоғамдық қатынастардың барлық саласында қолданылатын мемлекеттік басқару, заң шығару, сот ісін жүргізу және іс қағаздарын жүргізу тілі.

Сонымен бірге, Үкімет, мемлекеттік органдар мемлекеттік тілді, яғни қазақ тілін барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға және қазақ диаспорасына ана тілін сақтау мен дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті деп көрсетілген».

Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторы болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республикасының әр азаматының парызы болып саналады. Қоғамда қазақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту еліміздің саясатының басты басымдығы болып қала береді. Қоғамда, мемлекеттік қолдау мүмкіндігі жоғары салаларда қазақ тілінің қолданыс аясы едәуір кеңейіп келе жатыр деп айтуға толық негіз бар. Қазіргі қоғамымызда жастардың белсенділігі жоғары. Жастарға баса назар аудару арқылы тіл саясатын жүргізу мол жемісін береді деп ойлаймын.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған жолдауында мемлекеттік тілге баса назар аударып: «Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келді деп есептеймін. Бірақ, мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек», деді. Президенттің бұл сөзі мемлекеттік тіл мәртебесінің жоғары деңгейге көтерілер күн алыс еместігінің айқын көрінісі.

Өзге де мемлекеттік органдар сияқты соттарда да барлық құжат мемлекеттік тілде жүргізіледі. Алайда, сот өндірісіне қабылданған азаматтық істер бойынша іс жүргізу тілі талап арыздың жүгіну тілімен анықталады. Сот талқылауында іске қатысатын азаматтарға ана тілінде немесе өзі білетін тілде мәлімдеме жасау құқықтары түсіндіріліп, аудармашы көмегінің қажет немесе қажет еместігі нақтыланады. Қажет болған жағдайда процеске іс аяқталғанға дейін аудармашы тартылады. ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексінің талабына сай, істі сот талқылауына дайындау кезінде тараптар жазбаша өтінішхат негізінде сот ұйғарымымен сот ісін жүргізу тілін өзгерте алады.

Айта кетерлігі, қазақ тіліндегі істер санының артуына, яғни, соттарда мемлекеттік тілдің толығымен салтанат құруына ең алдымен сотқа жүгінушілердің, сонымен қатар, азаматтық істерде адвокаттың, ал, қылмыстық істерде тергеушінің рөлі үлкен. Өйткені, қай салада болмасын мемлекеттік тіл мәртебесінің артып, өрісінің кеңеюі жекелеген қызметкерлерге ғана емес, жалпы қоғам өкілдеріне байланысты. Яғни, бұл мемлекеттік тіл тағдыры қоғам болып атсалысуды талап етеді.

Дәурен ЖАЛҒАБАЙ,

Шымкент қаласының

мамандандырылған тергеу соты әкімшісінің

бас маман-сот отырысының хатшысы.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В Шымкенте презентовали проект «Читающая нация»

В Шымкенте презентовали проект «Читающая нация»

06.09.2025
Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасы таныстырылды

Шымкентте «Кітап оқитын ұлт» жобасы таныстырылды

06.09.2025
Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті

Шымкентте ерікті жастарға арналған эко-экскурсия өтті

06.09.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған