• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Пятница, 3 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Сот отырысы кезіндегі тәртіп

23.08.2024
in Құқық-заң
Сот отырысы кезіндегі тәртіп

Сот ғимаратына кірудің бұлжымас заңы, яғни өз тәртібі бар. Сот — кез — келген адам баса-көктеп, әрлі-берлі өте беретін аула емес. Онда жолы түскен әрбір азаматтың білуі тиіс қатаң қағидалар бар. Олар: сотқа заңға қайшы келетін заттар әкелмеу, күзет қызметкеріне жеке куәлігін көрсету, сот мәжілісі залына сырт киімін шешіп кіру, ұялы телефонын өшіру, сотқа шақырған уақыттан кешікпеу сынды міндеттер.

Оқи отырыңыз...

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – басты міндет

Сот жүйесінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту – басты міндет

19.03.2026
Военнослужащие регионального командования «Оңтүстік» завершили досрочное голосование на референдуме

Военнослужащие регионального командования «Оңтүстік» завершили досрочное голосование на референдуме

15.03.2026
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері референдумда мерзімінен бұрын дауыс беруді аяқтады

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері референдумда мерзімінен бұрын дауыс беруді аяқтады

15.03.2026

Қазіргі күні сот ғимаратына келушілер – ғимаратқа кірер алдында күзет қызметкеріне, сот қызметкерлеріне өзінің сотқа келу мақсатын айтуға, өзінің жеке басын куәландыратын құжатын көрсетуге немесе сотқа шақыру қағазын көрсетуге тиісті. Сотқа келген негізі анықталғаннан кейін, өту үшін жеке тексеруден өтуге, қолындағы заттарын, яғни сөмке, пакеттерін тексертіп, ұялы телефондарын сөндіріп, заттарын сақтау камераларына тапсыруы тиіс.

Сонымен қатар сотқа келушілерге мемлекеттік мекемедегі бекітілген тәртіпті сақтау, яғни сот отырысы залында сот қызметкерлерінің рұқсатынсыз жүруге, сот отырысы барысында төрағалық етуші судьяның рұқсатынсыз бейнежазбаға, суретке түсіру жүргізуге, ұялы телефон немесе басқа да байланыс құралдарын қосуға немесе оларды пайдалануға, сот ғимаратындағы стендтерден құжаттардың үлгілерін алуға, немесе оған жеке жарнамалық сипаттағы хабарламаларды ілуге, сот ғимаратындағы мүлікті бүлдіруге болмайтыны туралы ескертіледі.

Алкогольдік, есірткілік немесе токсикологиялық мас күйіндегі тұлғаларды және сыртқы келбеті адамдық қадір-қасиетке, қоғамдық жағымды мінез-құлыққа нұқсан келтіретін немесе санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келмейтін киіммен және заттармен келген тұлғаларды, заңды өкілдері немесе педагог ұстазы жоқ он алты жасқа толмаған тұлғаларды сот ғимаратына кіргізуге тыйым салынады.                                                                    Сот төрелігін жүзеге асыруға кедергі келтірген, сотқа құрметтемеушілік көрсеткен, ғимарат ішінде белгіленген тәртіпті бұзған, сот қызметкерлерінің талаптарын орындамаған жағдайда, сотқа келушілер заңмен белгіленген тәртіпті жауапкершілікке тартылуы мүмкін.

Сот ғимаратына өткізу және ішкі тәртіпті қадағалау күзет қызметкерлерінің немесе сот приставының өкілеттігіне кіреді. Сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз ететін – сот приставы.  Сот приставтарының негізгі міндеттеріне сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардан сот қызметінің белгіленген тәртібін сақтауды, сондай-ақ соттың үй-жайында және сот отырысы залында құқыққа қайшы іс-әрекеттер жасауды тоқтатуды талап етуге құқылы.

Сот отырысы залында сот отырысы қатысушысыларына сот қызметкерлерінің рұқсатынсыз жүруге, сот отырысы барысында төрағалық етуші судьяның рұқсатынсыз сот залынан шығып кетуге, сот залына кіруге, орнынан тұруға, сөйлесуге болмайды. Сот отырысы кезінде қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін құқық бұзушыны әкімшілік жолмен ұстауға, құқық бұзушыны құқық қорғау органдарына жеткізуге, заңдарда белгіленген тәртіппен жауапқа тарту үшін құқық бұзушылық туралы хаттама жасауға, құқық бұзушы бағынбай айқын көрінетін шабуыл жасаған кезінде Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен атыс және электрлік қаруын арнаулы құралдар мен күш қолдануға құқылы.

Н.ӘБДІХАЛЫҚОВ,

Шымкен гарнизонының

әскери сотының аға сот приставы.

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ В РАМКАХ ПРОЕКТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ПРОВЕДЕНЫ РАБОТЫ ПО ОЗЕЛЕНЕНИЮ

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ В РАМКАХ ПРОЕКТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» ПРОВЕДЕНЫ РАБОТЫ ПО ОЗЕЛЕНЕНИЮ

02.04.2026
ТАРИХИ ЖАДЫНЫ САҚТАУ – ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

ТАРИХИ ЖАДЫНЫ САҚТАУ – ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

02.04.2026
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮШІНШІ РЕТ БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҮШІНШІ РЕТ БАУЫР ТРАНСПЛАНТАЦИЯСЫ СӘТТІ ӨТТІ

01.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған