• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Воскресенье, 8 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Ата заң – әлемдік өркениетке бағыт алған жасампаз құжат

21.08.2024
in Құқық-заң
Ата заң – әлемдік өркениетке бағыт алған жасампаз құжат

Ата заңымыз – ел Конституциясына биыл 29 жыл. Түбірі терең тарихымыз бен жарқын болашағымыздың алтын арқауы, тәуелсіздігіміздің төлқұжаты болған Ата заңымыз 1995 жылы демократиялық зайырлы елдің заңы болып қабылданды. Елдің амандығы мен іргеміздің бүтіндігін бекемдеп, айнымас айбынымызға айналды.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

03.06.2025
Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

03.06.2025
Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

02.06.2025

Бірнеше рет өзгертулер мен толықтырулар енгізіліп, кемелдене түскен Конституциямыз біз көксеген жаңа Қазақстанның даму бағдарын айқындап берді.

Ия, біз үшін Ата заң – қазақ елінің әлемдік өркениетке қарай қарыштай қадам басуының алғы шартын жасап берген жасампаз құжат. Сондықтан да Конс­титуция күні біз үшін қастерлі де қасиетті күн.

Жаңа Конституция жас мемлекеттің іргесін нығайтуға, жаңа жүйенің орнығуына, еліміздің әлемдік саясат сахнасында қанат жаюына жол ашты. 1998 және 2007 жылдары Конституцияға елеулі өзгерістер енгізілген болатын. Жаңа Қазақстанды құру жолындағы ауқымды саяси жаңғыртулар Конституциялық реформасыз мүмкін болмайтын еді. Әрі қарайғы реформалар, халық күткен өзгерістер осы Конституциялық реформадан бастау алатынын баршамыз жақсы түсіндік.

Ата заңға енгізілген түзетулердің бір бөлігі суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшуді қамтамасыз етеді. Түзетулердің тағы бір бөлігі бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлуге бағытталды. Сондай-ақ халық сайлайтын Парламенттің рөлін күшейту, елді басқару ісіне қарапайым халықтың қатысу мүмкіндігін кеңейту көзделді және, әрине, азаматтардың құқықтарын қорғау тәсілдерін жетілдіруге, күшейте түсуге бағытталды.

Бұл өзгерістердің бәрі азаматтарға тең жағдай жасау идеясына негізделген.

Конституция – ел тәуелсіздігінің, мемлекеттігінің негізгі тірегі және саяси-құқықтық төлқұжаты. Ата Заңымыз бірнеше бөлімдерден құралған, оның ІІ бөлімі адам және азамат тақырыбына арналып, онда еліміздің әр азаматының құқықтары мен міндеттері түсіндірілген. Ата Заңымыз азаматтарға құқықтар мен бостандықтар белгілеумен қатар, бірқатар міндеттер жүктейді. Ең алдымен, Қазақстан азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадiр-қасиетiн құрметтеуге мiндеттi.

Ширек ғасырда Ата заң 5 рет өзгертілді. 1998 жылы бас құжатта 19 бап өзгерді. 2007 жылы 30 түзету енгізілді. 2011 жылы тек 1 бап өзгертілді. 2017 жылы Ата заңдағы 19 бапқа 26 өзгерту енгізілді. Ал, 2019 жылы 1 ғана бап өзгеріске ұшырады.

Конституцияны өзгертуге қатысты екінші жалпыхалықтық референдум 2022-жылы өтті. Ауқымды реформаның басты қағидаты – Күшті президент, ықпалды парламент және есеп беретін үкімет. Ата заңның 33 бабына 56 түзету енгізілді. 2 бөлімнің атауы өзгерді. Президенттің өкілеттігі қысқарып, Парламент пен мәслихаттардың рөлі күшейді. 2023 жылдың  қаңтарында Конституциялық сот құрылды. Азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау тетіктері нығайды.

Ата заңға енгізілген өзгерістер осыған дейін Парламент қабырғасында мақұл­да­нып келсе, бас құжатты халықпен кеңесіп қабылдау – Қазақстанның әуелі демократияға деген ұмты­лысы еді. Көптеген өзгерістер болды. Соның бірі – «Халық үніне құлақ астаны мемлекет» тұжырымдамасы жүзеге аса бастады.

Жасампаздықтың қайталанбас жарғысы болған Конституция біздің барша жарқын істеріміздің қайнар бастауына айналды. Осы Ата заңымыз қабылданған сәттен бастап, тәуелсіздік туын желбіретіп, дербес, егеменді елдердің қатарына қосылып, алға қарай дамуымыздың жаңа сатысына көштік. Тұғыры берік, туы биік мемлекеттігімізді орнатып, тәуелсіздігімізді паш еттік. Конституция біздің еліміздің бірлігінің, тұтастығының белгісі іспеттес болды.

Қоғамның өркендеуіне қарқынды үлес қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді.

Айгүл ЕЛЮБАЕВА,

Шымкент қаласының

азаматтық iстер жөніндегі

ауданаралық сотының судьясы.

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

07.06.2025
ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

06.06.2025
ШЫМКЕНТТЕ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА АКЦИЯ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ»

06.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған