• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Суббота, 7 июня, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Құқық-заң

Сот жүйесіндегі үлкен жетістіктердің бірі – «Сот кабинеті» сервисі

31.07.2024
in Құқық-заң
Сот жүйесіндегі үлкен жетістіктердің бірі – «Сот кабинеті» сервисі

Қағаз құжат айналымын азайту және электрондық құжат айналымын пайдалану мүмкіндігін көбейту мақсатында бүгінгі күні сот саласында жасалып жатқан оң тірліктердің бірі – сот кабинеті болып табылады. Ол сот құрылымындағы реформалардың заманауи, жаңа технологияның бір түрі. Бұл азаматтардың уақытын ұтымды пайдалануға мүмкіндік берді. Себебі халық сотқа беретін арыз-шағымдарын алыс қашықтықтан, яғни мекемеге келіп әуреленбей, үйде отырып-ақ жібере береді.
Сот кабинетін пайдаланушы «Іс құжаттары бойынша құжаттар» бөлімі арқылы пікір, қарсы талап, сот процессінің хаттамасына ескертулер, атқару парағын жолдау туралы өтініш, атқару парағының телнұсқасын беру туралы арыз, сот актілерінің көшірмелерін (телнұсқасын) беру туралы арыз және осы секілді басқа да өтініштер бере алады.
Электронды сот кабинетін пайдаланушы жіберген электрондық құжаттардың деректемелері еліміздегі сот органдарының ақпараттық жүйесіне түскен кезде автоматты түрде кіріс құжатының тіркеу-бақылау карточкасына көшіріледі. Бір ескертетін жайт, «Сот кабинеті» сервисі арқылы түскен құжаттар пайдаланушының электронды сандық қолтаңбасының жарамдылығы тексерілгеннен кейін ғана тіркеледі.
Сот кабинетінің мақсаты – азаматтар мен уәкілетті органдарға Сот кабинеті сервисінің жаңа мүмкіндіктерін, қолдану барысын түсіндіру. IOS мобильдік платформасындағы «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы – IOS, Android және Windows Phone мобильдік қосымшасы сервистерінің интерфейстерін сипаттайды. Пайдаланушыларды мобильдік қосымшада тіркеу сервисінің веб нұсқасына қарағанда өзіндік артықшылықтары да бар. Тіркелу үшін пайдаланушы келісіміне алдын ала қол қойып, азамат өзінің ЖСН және ұялы телефон нөмірлерін көрсетсе де жеткілікті. Көрсетілген ұялы телефон нөмеріне қосымшаға кіру үшін хабарлама арқылы құпия сөз келеді.
Жалпы қазіргі заманғы бұл жаңа технологияны сот жүйесіне енгізу мен оны халыққа кеңінен түсіндіру арқылы қолдану соттағы іс жүргізуді жеңілдетіп, бюрократтық кедергілерді жойды, сотқа құжат тапсырушылардың ұзақ кезекке тұруын азайтты. Яғни, осы арқылы қамтамасыз ету Жоғарғы Сотының тарапынан ҚР азаматтарының сот қызметіне жасаған қолжетімділігін байқаймыз.
Бұрынғы кезде тұрғындар сотқа құжаттарды жинау үшін бірталай мекемелерді аралап, апталап сандалатын жағдайларды жиі кездескен. Қазіргі таңда ол сенгісіз нәрсе болып отыр, өйткені, бүгінгі күні азаматтардың көпшілігі «Сот кабинетін» қолданып отыр.
Тез арада сотқа талап қою бергіңіз келсе, осы сервисті қолдануға әбден болады. «Сот кабинеті» – бұл электрондық ақпараттық сервис, ол сот органдарының онлайн сервисіне қолжетімді бірыңғай терезе. Сот ісін жүргізуді жеңілдету және азаматтар үшін сот жүйесінің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында іске асырылған.
Сервистің ерекшелігі азамат, оның адвокат тұлғасындағы өкілі немесе заңгер кез-келген ыңғайлы уақытта, үйінен немесе кеңседен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы сот құжатын, сондай-ақ істегі мәртебесін көре алады және сот актісін басып шығарып алуға мүмкіншілігі бар.
Әрбір сотқа жүгінген азамат «Сот кабинеті» арқылы арыз беру үшін «Халыққа қызмет көрсету орталығында» электронды цифрлы қолтаңба алуы қажет. Сот кабинеті сервисі арқылы заңды тұлғалардың мемлекеттік баж төлеу мәселесі шешімін тапты, жеке тұлғаның төлем карточкасы арқылы бажды төлеу, сондай-ақ, төлем құжатының сканерден өткен көшірмесін беру мүмкіндігі бар. «Сот кабинеті» және «Сот құжаттарымен танысу» электронды сервистері Жоғарғы Соттың ресми сайтында іске қосылған.
Аталған қызметтерді электронды цифрлы қолтаңбасы бар азамат тұтына алады. Қазіргі кезде «Сот кабинеті» сервисі арқылы түсетін талап қою 90 пайыз электронды түрде түседі.
«Сот кабинеті» сервисі біртіндеп қағаз құжат айналымынан бас тартуға, ол өз кезегінде соттарда электрондық сот ісін жүргізудің жаңа сатысына көшуге мүмкіндік берді. Жоғарғы Соттың және жергілікті соттардың сайтында «Сот құжаттарымен танысу» сервисі іске қосылған. Аталған сервис сот өндірісінің жеделдігі мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сайтындағы электронды сот құжаттарымен танысуға мүмкіндік береді.
Сотқа жүгінген азамат талап қоюдың тіркелгені туралы талон алады, бірнеше күннен кейін оның ұялы телефонына оның талабы бойынша сот құжаты шыққаны туралы хабарлама келеді. Бұл ретте азаматтар сот құжатын алуға сотқа барып уақытын кетіріп, қаражатын шығындап, әуреге түспейді. Пайдаланушыны тіркеу үдерісі үшін «Сот кабинеті» сервистерін қолдануға пайдаланушысы келісіміне алдын ала қол қойып, пайдаланушының ЖСН және ұялы телефон нөмірін көрсетуі жеткілікті.
Пайдаланушының көрсеткен ұялы телефон нөміріне СМС – хабарлама арқылы қосымшада автор үшін құпия сөз келеді. Жаңадан енгізілген аталмыш қызмет түрлері мүдделі тұлғаларға істің қаралу мерзімдерін бақылап отыруға пайдасын тигізіп отыр.
Халыққа тағы да айта кетерлік жайт, ғаламторды еркін меңгере алатын азаматтарға, «Сот кабинеті» сервисін түсінудің еш қиындығы жоқ, бұл сервис әлдеқайда уақытыңызды үнемдеп, тез арада жұмыстарыңызды бітіруге көмегін тигізеді. Ол бұл күні сот жүйесіндегі үлкен жетістіктердің бірі болып саналады.
Э.БАКИРОВА,
Шымкент қаласының
азаматтық істер жөніндегі ауданаралық сотының судьясы.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

В Шымкенте прошел антикоррупционный конкурс среди молодежи под названием «Мой вклад в закон и порядок!»

03.06.2025
Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

Шымкентте «Заң мен тәртіпке қосқан менің үлесім!» атты сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес байқауы өтті

03.06.2025
Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

Ата Заң – тәуелсіздік тірегі

02.06.2025
ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

ХИМИЯ ПӘНІНЕН ПӘНДІК ТЕРМИНОЛОГИЯСЫН АҒЫЛШЫНША МЕҢГЕРТУДІҢ ТИІМДІ ТӘСІЛДЕРІН ИГЕРГЕН МҰҒАЛІМ

07.06.2025
ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

ТҮРКІСТАНДА МҰХТАРХАН ДІЛДӘБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БОКС ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ

06.06.2025
ШЫМКЕНТТЕ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ» АКЦИЯСЫ ӨТТІ

В ШЫМКЕНТЕ ПРОШЛА АКЦИЯ «ТАБИҒАТЫМ БАЙЛЫҒЫМ»

06.06.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған