• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Среда, 8 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ҚР ҰБ және ИПБ басқаруындағы инвестициялық портфельге 2024 жылдың 5 айы бойынша шолу

19.07.2024
in Басты ақпарат

«БЖЗҚ» АҚ (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер — Инвестициялық қызмет» бөлімінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі — ҚРҰБ) және инвестициялық портфельді басқарушылардың (бұдан әрі — ИПБ) зейнетақы активтерін басқаруы туралы есебін ұсынады.

Оқи отырыңыз...

В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

08.04.2026
Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026
ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

ЖЕР МӘСЕЛЕСІ БАҚЫЛАУДА: Түркістанда жүйелі жұмыс жалғасуда

07.04.2026

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы көлемі — 19 250,04 млрд теңге. 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі — МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (бұдан әрі — МКЗЖ), ерікті зейнетақы жарналары (бұдан әрі — ЕЗЖ) есебінен қалыптастырылған, ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері[1] 19 123,58 млрд теңге[2] болды. ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – ЖМЗЖ) есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ зейнетақы активтерінің көлемі – 76,96 млрд теңге.

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтері 49,5 млрд теңгеден асты.

 

ҚРҰБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі

2024 жылғы 1 маусымға МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен қалыптастырылған ҚРҰБ зейнетақы активтерін инвестициялаудың негізгі бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 45,64%, квазимемлекеттік компаниялардың облигациялары – 10,09%, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 4,21%, шет мемлекеттердің мемлекеттік бағалы қағаздары – 3,87%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттары – 2,09%.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша МЗЖ, МКЗЖ, ЕЗЖ есебінен сатып алынған қаржы құралдары номиналданған валюталар бөлінісіндегі инвестициялық портфель мынадай: ұлттық валютадағы инвестициялар – 65,20%, АҚШ долларымен – зейнетақы активтері портфелінің 34,80%.

Алынған кірістің құрылымын талдаудан бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі, оның ішінде орналастырылған салымдар мен «кері РЕПО» операциялары бойынша және бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер – 647,77 млрд теңге, сыртқы басқарудағы активтер бойынша – 102,65 млрд теңге. Бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалау теріс сипат алып, 57,23 млрд теңге болды. Шетел валютасын қайта бағалау да теріс мәнге ие болды (46,81 млрд теңге). Басқа шығындар – 0,68 млрд теңге.

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелін құралдар, салалар және валюталар бойынша әртараптандыру есебінен 2024 жылғы қаңтар-мамыр айларындағы жалпы табыс оң нәтиже көрсетті.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде, сондай-ақ, шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан 2024 жылғы 1 маусымға есептелген инвестициялық кірістің мөлшері 647,07 млрд теңге болды. Салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі — 3,49%.

2024 жылғы 1 маусымдағы ЖМЗЖ инвестициялау бағыттары мынадай: ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздары – 98,01%, ҚРҰБ депозиттері – 1,43%, инвестициялық шоттардағы ақшалай қаражат – 0,55%. ЖМЗЖ инвестициялық портфеліне тек ұлттық валютада көрсетілген қаржы құралдары кіреді.

2024 жылдың басынан бастап 1 маусымдағы жағдай бойынша ЖМЗЖ бойынша есептелген инвестициялық кірістілік  — 1,14%.

Естеріңізге сала кетейік, орта және ұзақ мерзімді перспективада зейнетақы жинақтарының оң нақты (жинақталған инфляциядан асатын) кірістілігі қамтамасыз етіледі.

ҚРҰБ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы және инвестициялық қызметке шолу БЖЗҚ-ның ресми сайтында берілген. Сондай-ақ, enpf.kz сайтында ЖМЗЖ есебінен қалыптастырылған зейнетақы активтері бойынша портфель құрылымы туралы ақпарат орналастырылды.

Инвестициялық портфельді басқарушылар

ИПБ басқаруындағы зейнетақы активтерінің жалпы көлемі 49,5 млрд теңгеден асады.

01.06.2024ж. жағдай бойынша «Jusan Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 8,5 млрд теңгеден асты.

Компанияның негізгі инвестициялары: ҚР ҚМ МБҚ – 30,75%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 28,06%, РЕПО – 16,15%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 7,45%, шет мемлекеттердің МБҚ – 6,67%. Атап кетейік, портфельдің 63,01% теңгемен, 36,99% АҚШ долларымен ұсынылған.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 маусымына есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 288 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі 3,69%.

«Jusan Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының эмитенттері көрсетілген инвестициялық портфелінің егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.06.2024ж. жағдай бойынша «Halyk Global Markets» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері 3,9 млрд теңгеден асты.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялар: «кері РЕПО» (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 34,56%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 16,98%, ҚР квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 10,87%, ҚР ұйымдарының корпоративтік облигациялары – 8,20%, МҚҰ облигациялары – 6,72%, шетелдік эмитенттердің үлестік құралдары (ETF пайлары) – 6,32%, ҚР екінші деңгейдегі банктерінің облигациялары – 5,44%. Ұлттық валютадағы инвестициялар портфельдің 69,35%, АҚШ долларымен 30,65% тең.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша 122,89 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 3,14%.

«Halyk Global Markets» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.06.2024ж. жағдай бойынша «BCC Invest» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 4,5 млрд теңгеден асты.

Инвестициялардың негізгі бағыттары: Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 34,66%, РЕПО – 17,04%, ҚР резидент-эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 9,56%, ҚР ЕДБ облигациялары – 8,66%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 6,87%, пайлар (индекстерге ETF) – 6,74%, ҚР мемлекеттік облигациялары – 5,92%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 83,13%, АҚШ долларымен 16,87% инвестицияланды.

Инвестициялық қызметтің нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 маусымына есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 152,98 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 3,49%.

«BCC Invest» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

 

01.06.2024ж. жағдай бойынша «Сентрас Секьюритиз» АҚ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері шамамен 1,3 млрд теңге.

ҚР ҚМ МБҚ-ға активтердің 26,70%, РЕПО – 19,86%, квазимемлекеттік ұйымдардың облигацияларына – 14,38%, ҚР эмитенттерінің акциялары мен депозитарлық қолхаттарына – 10,33%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигацияларына – 7,94%, өзге активтерге (дебиторлық берешек, мерзімі өткен берешек, провизиялар) – 6,93%, ҚР ЕДБ облигацияларына – 6,74% инвестицияланды. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 73,32%, АҚШ долларында — 25,01%, канадалық долларда — 1,67% инвестицияланды.

Инвестициялық қызмет және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 маусымдағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 73,34 млн теңгеге жетті. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 6,14%.

«Сентрас Секьюритиз» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша «Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ «Halyk Finance» АҚ сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы активтері шамамен 31,3 млрд теңге.

Портфель құрылымындағы негізгі инвестициялардың сипаты мынадай: «кері РЕПО» (күнтізбелік 90 күннен аспайтын) – 37,60%, шетелдік эмитенттердің корпоративтік облигациялары – 9,71%, Exchange Traded Funds (ETF) пайлары – 9,21%, Қазақстан Республикасының квазимемлекеттік ұйымдарының облигациялары – 9,18%, шет мемлекеттердің МБҚ – 8,04%, ҚР эмитенттерінің корпоративтік облигациялары – 7,88%. Ұлттық валютадағы құралдарға портфельдің 69,08%, АҚШ долларында — 30,75%, еурода — 0,17% инвестицияланды.

Инвестициялық қызмет нәтижесінде 2024 жылдың басынан бастап 1 маусымдағы жағдай бойынша есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 879,86 млн теңге болды. Зейнетақы активтерінің кірістілігі – 3,30%.

«Қазақстан Халық Банкінің ЕҰ «Halyk Finance» АҚ басқаруындағы қаржы құралдарының инвестициялық портфелінің эмитенттері көрсетілген егжей-тегжейлі құрылымы БЖЗҚ сайтында ұсынылған.

Естеріңізге сала кетейік, 2023 жылғы 1 шілдеден бастап салымшылар инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) сенімгерлік басқаруына міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 50%-дан аспайтын бөлігін ең төменгі жеткіліктілік шегін есепке алмастан бере алады. Ал ерікті зейнетақы жинақтары бар салымшыларға  оны ИПБ-ға 100% көлемінде беруге болады.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

[1] міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары және ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған 

[2] зейнетақы жарналары мен төлемдері шоттарындағы ақша есебінсіз 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

08.04.2026
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ДАНЬ ГЕРОИЗМУ: 7 АПРЕЛЯ ОТМЕЧЕН ДЕНЬ МУЖЕСТВА НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

07.04.2026
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

07.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған