• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 9 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ОРДАБАСЫДА ТІГІН ФАБРИКАСЫ ТӘУЛІГІНЕ 500 ДАНА ӨНІМ ДАЙЫНДАЙДЫ

26.06.2024
in Басты ақпарат
ОРДАБАСЫДА ТІГІН ФАБРИКАСЫ ТӘУЛІГІНЕ 500 ДАНА ӨНІМ ДАЙЫНДАЙДЫ

Ордабасы ауданы Түркістан облысындағы экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан алдыңғы қатарлы өңірлер қатарында. Биыл сәуір айында Бадам елді мекенінде ашылған тігін фабрикасы да ауданның өркендеуіне өзіндік үлес қосарына күмән жоқ. Бүгін «JNRAY Group» ЖШС-ң тігін фабрикасына БАҚ өкілдері арнайы барып, жұмыс барысымен танысты. Жалпы құны 1 миллиард 300 миллион теңгені құрайтын фабрика тәулігіне 500 дана өнім өндіруге қауқарлы. Аз уақыт ішінде өз тұтынушыларын тауып үлгерген тігін шеберханасының өнімдері еліміздің ішкі нарығына жіберілуде. Алдағы уақытта 500-ге жуық азаматты тұрақты жұмыспен қамтуға ниетті. Ауданда жалпы жыл соңына дейін 6 жаңа жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Оның қатарында «Central Asia Aluminium» алюминий бұйымдарын өндіру компаниясы журналистердің аса қызығушылығын тудырды.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

08.04.2026
В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

08.04.2026
Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026

Сонымен қатар, Бадамда жаңа спорттық сауықтыру кешенінің құрылысы жүргізілуде. Нысанның құрылыс жұмыстарына мердігер «Қаратау ЛТД» ЖШС жауапты. 2023 жылы іргетасы қаланған спорт кешені биыл пайдалануға берілуі тиіс. Қазіргі таңда ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, ауданда 2023 жылдан өтпелі 3 спорттық нысанның құрылысы қарқынды жүруде.

Одан соң журналистер Б.Исаханов ауылындағы «Шаңырақ» қақпасының құрылыс жұмыстарымен танысты. Қараспан ауылдық округіне қарасты нысанның құрылысы «ОңтүстікЖарықТранзит» ЖШС мердігер мекеме тарапынан атқарылуда. Қақпаның құрылысы маусым айында аяқталып, ел игілігіне берілмек. Сондай-ақ, онда балаларға арналған ойын алаңшасы, орындықтар мен жарықшамдар орнатылады деп жоспарлануда.

Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай Темірлан ауылында Қазақстанның халық әртісі, композитор, қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың құрметіне «Шәмші аллеясының» құрылысы басталған. Нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «Armada Stroy 2020» ЖШС-і мердігер мекемесі аллеяны биыл шілде-тамыз айларында қолданысқа бермек. Онда сазгердің ескерткіші, сахна, орындықтар орнатылатын болады. Сонымен қатар, Темірлан ауылына кіре берісіне «Темірлан» жазу белгісі орнатылды. 2023 жылдың желтоқсан айында басталған нысан 2024 жылдың наурызында ел игілігіне берілген. Бүгінгі таңда аумағын абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.

БАҚ өкілдерінің келесі сапары Темірлан елді мекені «Құртай» каналы бойындағы құрылысы жүріп жатқан демалыс аймағында жалғасты. Нысанның құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан «DosGrupp» ЖШС-і мердігер мекемесі аллеяны биыл шілде-тамыз айларында қолданысқа бермек. Онда балаларға арналған ойын алаңшасы, орындықтар, жарықшамдар орнатылып, спортпен айналысуға барлық жағдай жасалмақ.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

08.04.2026
В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

08.04.2026
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ДАНЬ ГЕРОИЗМУ: 7 АПРЕЛЯ ОТМЕЧЕН ДЕНЬ МУЖЕСТВА НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

07.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған