



Түркістан облысында Медицина қызметкерлері күніне орай салтанатты шара ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен медицина саласының қызметкерлері қатысты.
Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев медицина қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, еңбегімен дараланған мамандарды «Еңбек ардегері», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін», ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет грамотасы» және алғыс хаттарымен марапаттады.
–Өңірде денсаулық сақтау басқармасына қарасты 45 мемлекеттік мекеме, 756 ұйым бар. Барлық медициналық мекемеге – 2 млн 100 мыңға жуық адам тіркелген. 2024 жылы 8 денсаулық сақтау нысанында күрделі жөндеу жұмыстары жүрігізу қолға алынып отыр. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық пилоттық жоба аясында облысымызда биыл 49 медициналық нысаның құрылысы басталды. Сонымен қатар балалар арасында мүгедектіктің алдын алу мақсатында Қапланбек ауылында 600 орындық оңалту орталығы ашылды. Облыс бойынша өзекті мәселердің бірі, кадр тапшылығы және біліктілігі. Аталған мәселе бойынша 2023 жылы облыс әкімі Дархан Амангелдіұлының бастамасымен 60 грант резидентураға берілсе, ал биыл 139 грант бөлініп отыр, – деді Бейсенбай Тәжібаев.
Облыс бойынша үздік медицина қызметкерлері атанған конкурс жеңімпаздарына да құрмет көрсетіліп, медицина саласының ардагерлеріне сый-сияпат жасалды.
Айта кетейік, өткен жылы 43 бейінді мамандар шетелге оқуға жіберілген болатын. Ал биыл біліктіліктерін арттыруға 32 маман жолданды. Сонымен қатар, 600 орта буынды медициналық қызметкерлерге Израиль мемлекетінен 2 білікті тәжірибелі оқытушыны шақырту арқылы көшпенді цикл ұйымдастыру жоспарланып отыр. Биылдың өзінде мамандардың жоғары кәсіби деңгейлерінің арқасында Түркістан облысының медициналық мекемелерінде күніне 200-ден астам ота жасалады. Бұл еліміз бойынша жоғарғы көрсеткіштердің бірі. Биыл Түркістан облысында жарты жылдықта 30 млн-ға жуық клиникалық-диагностикалық қызмет көрсетілген. Тұрғындар 300 мыңнан астам жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Сонымен қатар ауылдық жерлерде медицина қызметтеріне қолжетімділікті арттыру мақсатында облысымызда төрт көпбейінді ауданаралық аурухана құру жоспарлануда. Аталған медициналық мекемелерді 2024-2025 жж. стационарлы ангиограф және МРТ аппараттарымен қамтамасыз етіледі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
————-
НАГРАЖДЕНЫ МЕДИЦИНСКИЕ РАБОТНИКИ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ
В Туркестанской области состоялось торжественное мероприятие, посвященное Дню медицинского работника. В торжественном собрании приняли участие ветераны здравоохранения и работники медицинской сферы.
Заместитель акима области Бейсенбай Тажибаев поздравил медицинских работников с профессиональным праздником и наградил их почетными грамотами Министерства здравоохранения РК «Еңбек ардегері», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» и благодарственными письмами.
«В регионе 45 государственных учреждений, подведомственных управлению здравоохранения, и 756 организаций. Во всех медицинских учреждениях зарегистрировано около 2 млн 100 тысяч человек. Ведется капитальный ремонт восьми объектов здравоохранения. В рамках национального пилотного проекта «Модернизация сельского здравоохранения» в этом году в области начато строительство 49-ти медицинских объектов. Кроме того, в целях профилактики инвалидности среди детей в селе Капланбек открыт реабилитационный центр на 600 мест. Одна из актуальных проблем — это дефицит кадров и квалификация специалистов. Для решения этой проблемы в 2023 году, по инициативе акима области Дархана Амангельдиевича, было выдано 60 грантов в резидентуру, а в этом году — 139 грантов», — сказал Б. Тажибаев.
В рамках мероприятия были чествованы победители конкурса на звание лучших медицинских работников региона. Награды вручили и ветеранам медицинской сферы.
Отметим, в прошлом году 43 профильных специалиста были направлены на обучение за рубеж. А в этом году на повышение квалификации направили 32 специалиста. Кроме того, планируется организовать передвижной цикл для 600 медицинских работников среднего звена с приглашением двух квалифицированных опытных преподавателей из Израиля.
Благодаря высокому профессиональному уровню специалистов, в медицинских учреждениях Туркестанской области ежедневно проводится более 200 операций. Это один из самых высоких показателей в стране.
В этом году в области за первое полугодие было оказано около 30 млн клинико-диагностических услуг. В службу скорой помощи обратилось более 300 тысяч жителей. Кроме того, в целях повышения доступности медицинских услуг в сельской местности планируется создание четырех многопрофильных межрайонных больниц. В 2024-2025 годах эти объекты обеспечат стационарными ангиографами и аппаратами МРТ.
Пресс-служба акима Туркестанской области






