• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 9 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

Мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру

18.06.2024
in Басты ақпарат

Бұқаралық балалар спорты мен шығармашылығын дамыту туралы міндет Мемлекет басшысының 2020 жылғы  1 қыркүйекте Қазақстан халқына Жолдауында қойылды (оны іске асыру үшін «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 395-VI Заң қабылданды).

Оқи отырыңыз...

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

08.04.2026
В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

08.04.2026
Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026

Осыған байланысты, мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстар және оларды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру Бағдарламасы енгізілді, ережелер мен әдістемелер түріндегі заңға тәуелді актілер қабылданды (1-қосымша), операторларды, қызметтермен жабдықтаушыларды және ата-аналарды біріктіретін электрондық платформасы (artsport.edu.kz, damubala.kz) әзірленді.

Анықтамалық: Бағдарлама 2021 жылы 1 мамырда іске қосылды, қызмет көрсетушілер — жеке кәсіпкерлер, бағдарламаны іске асыру шеңберінде мәдениет және спорт саласында қызмет көрсетуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

Уәкілетті орган Мәдениет және спорт министрлігін, Бағдарлама операторлары-мәдениет және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар болып айқындалды, олардың міндеттеріне мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, жабдықтаушыларды бекіту және секциялар мен үйірмелерге қабылдау үшін балалардың кезегін қалыптастыру кіреді.

Жобаның басты міндеті – балалардың спорттық және шығармашылық үйірмелері мен секцияларын барлық жерде жұмыспен қамтамасыз ету, балалар мен жасөспірімдерді пайдалы сабақтармен жаппай қамту. Қаржыландыру жергілікті бюджет есебінен қамтамасыз етіледі.

Бүгінгі таңда статистикалық мәліметке сәйкес, білім беру ұйымдарында оқитын балалар мен жасөспірімдер саны 518 779 құрайды. Соның ішінде; шығармашылық үйірмелерге және спорт секцияларына тартылғандар саны 246 721 бала, яғни 41,7 пайызға жетіп отыр.

Анықтамалық:

1) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі  білім беру ұйымдарында 20 537 бала,

2) жалпы білім беру мектептерінде 139 215 бала,

3) балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері мен спорт клубтарында 57 858 бала,

4) мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша 14 599 бала,

5) мемлекеттік шығармашылық бойынша 14 512 бала.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің                         2021 жылғы 27 сәуірдегі №120 бұйрығымен бекітілген «Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидасының» (бұдан әрі-Қағида) 12-тармағының бесінші бөліміне сәйкес, мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру оператордың тиісті жылға арналған бюджетінде көзделген қаражат көлемінде өнім берушілер арасында жүзеге асырылады.

2024 жылға мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру үшін  2,083 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл жобамен 16 мыңға жуық балаға жеткілікті.

Қағиданың 12-тармағының бесінші бөліміне сәйкес, үнемделген қаржыға 2024 жылғы 22-27 сәуір күндері әлеуетті өнім берушілерден өтінім қабылдау жұмыстары жүргізіліп, 3000 балаға орын бөлу арқылы ваучер берілді.

Нәтижесінде, 269 өнім берушіден 98 789 балаға 872 өтінім түсті. Бүгінгі таңда, 126 өнім берушімен келісім-шарт жасалды.

Осылайша рұқсат алған өнім берушілерге 24 мамыр күні кешкі сағат Астана уақытымен 18.00-де орындарды бөлу тетігі ашылды (damubala.kz — ақпараттық жүйе автоматты режимде жүзеге асырады).

Кезек саны шектеулі болғандықтан балалардың заңды өкілдері спорт секциясына балаларын толық тіркей алмады (лимит 3000 бала).

Бүгінгі таңда өнім берушілерге берілген 3000 ваучерді мемлекеттік-әріптестік жобасы аясында ашылған спорт ұйымдарымен салыстыру және ұлттық білім беру деректер қорымен (НОБД) салыстыру жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, шығармашылық үйірмелерде тіркелген балалармен салыстыру, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде тіркелген балалармен салыстыру жұмыстары жүргізілуде.

Жоғарыда келтірілген жұмыстар тиянақты атқарылмаған жағдайда бір балаға екі немесе үш рет қаржыландыру жүргізілуі мүмкін.

Осы мәселелерді ескере отырып, баланың заңды өкілдеріне ақпараттық жүйеде таңдаған спорт секциясына жазылу үшін қосымша а.ж. 13 маусымнан бастап 10 000 балаға кезекке тіркелу тетігін ашу жөнінде шешім қабылданды.

Осылайша үнемделген қаржы көлеміне сәйкес кезектегі балаларға күнделікті ваучер беріліп отырады.

Бұл өз кезегінде, баланың заңды өкілдерінің спорт секциясына тіркелген кезегінің ашықтығына оң ықпалын тигізетін болады.

Бүгінгі таңда, Түркістан облысында мемлекеттік спорттық тапсырысты бағдарламасы бойынша 180 өнім беруші қызмет көрсетеді. Олардың жалпы сұранысы 57 918 бала.

1-қосымша

 Нормативтік база

Мемлекеттік мәдени және спорттық Тапсырыс ұғымдары және олардың жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет, дене шынықтыру және спорт мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2020 жылғы 30 желтоқсандағы Заңда бекітілген.

Заңды іске асыру үшін:

— Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларында мемлекеттік спорттық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидалары (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 120 бұйрығы);

— Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі №121 бұйрығы);

— Мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 119 бұйрығы);

— Балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларының рейтингін айқындау қағидалары (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 сәуірдегі № 111 бұйрығы);

— Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеуі қағидалары (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі № 122 бұйрығы);

— Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру қағидалары (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 28 сәуірдегі №123 бұйрығы);

— Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесі (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы  27 сәуірдегі № 113 бұйрығы);

— Балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелердің рейтингін айқындау қағидалары (Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы  27 сәуірдегі № 111 бұйрығы).

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

08.04.2026
В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

08.04.2026
ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ: 7 СӘУІР – ҰЛТТЫҚ ҰЛАННЫҢ «ЕРЛІК КҮНІ» АТАЛЫП ӨТТІ

ДАНЬ ГЕРОИЗМУ: 7 АПРЕЛЯ ОТМЕЧЕН ДЕНЬ МУЖЕСТВА НАЦИОНАЛЬНОЙ ГВАРДИИ

07.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған