• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Понедельник, 28 июля, 2025
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

МАРАТ ӘЗІЛХАНОВ БАРША ТҮРКІСТАНДЫҚТАРҒА АЛҒЫС АЙТТЫ

21.05.2024
in Басты ақпарат
МАРАТ ӘЗІЛХАНОВ БАРША ТҮРКІСТАНДЫҚТАРҒА АЛҒЫС АЙТТЫ

Биылғы көктемде алапат су тасқыны оннан астам өңірлерде тұтас елді мекендерді жайпады. Дәл осы қиын-қыстау күндерде халқымыздың бекем бірлігі мен ынтымағы көрініс тапқанын Мемлекет басшысы айрықша атап өтті.

Оқи отырыңыз...

Предприниматели Шымкента совместно с сенатором обсудили вопросы в сфере образования

Предприниматели Шымкента совместно с сенатором обсудили вопросы в сфере образования

16.07.2025
Сенатор және Шымкенттің кәсіпкерлері білім саласындағы мәселелерді талқылады

Сенатор және Шымкенттің кәсіпкерлері білім саласындағы мәселелерді талқылады

16.07.2025
Шымкенттегі ХҚКО-ларда жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады?

Шымкенттегі ХҚКО-ларда жаңа туған нәрестеге шетелдік төлқұжатты қалай рәсімдеуге болады?

14.07.2025

Біз кез келген қиындықты ел болып бірлесе еңсерудің өнегелі үлгісін көрсеттік. «Бірлік түбі – береке» екенін тағы да дәлелдедік.

Табиғи апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсету үшін жедел түрде Ассамблеяның республикалық және өңірлік штабтарын құрдық. «Жүректен – жүрекке» ауқымды акциясын өткіздік.

Соның нәтижесінде апат аймақтарына жалпы сомасы 770 миллион теңгеге 1500 тоннадан астам азық-түлік пен алғашқы қажеттілік тауарларын жөнелттік.

Этномәдени бірлестіктердің 12 мың волонтері қайырымдылық көмек жинауға, эвакуациялауды ұйымдастыруға және ел ішінде жедел ақпарат таратуға қатысты.

Еліміздің Президенті Ассамблеяның белсенді және үйлесімді жұмысына өз ризашылығын білдірді.

Түркістан облыстық Ассамблеясы осы игі миссияның көшбасшысы болды. Түркістандық Ассамблея құны 150 миллион теңгеге жуық 630 тоннадан астам гуманитарлық жүк жіберді. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда.

Осы орайда, күрделі кезеңде отандастарына көмекке келген, азаматтық ерліктің, мейірімділік пен адамгершіліктің үлгісін көрсеткен барша түркістандықтарға алғыс айтамын!

Түркістан облысы – қазақ мәдениетінің, дәстүр-салты мен тілінің алтын ұясы мен қайнар көзі. Өңірдегі этнос өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрметі ерекше. Олардың 92 пайызы қазақ тілін жетік меңгерген.

Біз қасиетті тілімізді барлық этностармен бірге қорғап, бір-бірімізді мәдени жағынан өзара байыта береміз.

Сессияда Мемлекет басшысы этномедиацияның, оның ішінде Түркістан облысындағы жетістіктерді атап өтті.

Бұл ретте Түркістан этномедиаторлары үшін жұмыс көлемі аудандар мен ауылдар деңгейінде ауқымды болып қала береді, мен бұл жұмыстың қарқынын төмендетпеуді сұраймын.

Түркістан облысында 2 миллион 150 мың адам тұрады, жарты миллионнан астамы – түрлі этностардың өкілдері.

Түркістан Ассамблеясы – өңірлік ассамблеялар қатарындағы ең ірі және ұйымшыл ұжымдардың бірі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың: «Бәріміз – бір елдің азаматымыз. Тарих тоғыстырған тағдырымыз – бір, сеніммен қадам басатын келешегіміз – бір. Біз біртұтас ұлт ретінде әрдайым бабалар аманатына адал боламыз», – деуі де тегін болмаса керек. Бұл ұлт болашағын терең ойлаудан туған ой деп қабылдаймыз.

Сөзімнің соңында хакім Абайдың: «Жұртым-ай, шалқақтамай сөзге түсін, ойланшы, сыртын қойып, сөздің ішін», – деген сөздеріне терең зер салсақ дегім келеді.

Қазақстанды түрлі бәле-жаладан сақтап келе жатқан нәрсе – Ел бірлігі. Бірлігіміз бекем болғай! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын! Түркістан облысының барлық тұрғындарына бақ-береке, қажымас қайрат, жарқын болашақ тілеймін!

(ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі
М.А. Әзілхановтың Түркістанда өткен облыстық ҚХА сессиясында сөйлеген сөзінен)

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЕТ БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

ШЫМКЕНТ: ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ЕТ БАҒАСЫ БАҚЫЛАУДА

27.07.2025
200 предпринимателей наказаны за завышение цен на социально-значимые товары в Шымкенте

200 предпринимателей наказаны за завышение цен на социально-значимые товары в Шымкенте

27.07.2025
Как Шымкент решает проблему пробок и хаоса на дорогах

Как Шымкент решает проблему пробок и хаоса на дорогах

26.07.2025
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2025. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған