• Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс
Четверг, 9 апреля, 2026
Newqazaq.kz
No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
No Result
View All Result
Morning News
No Result
View All Result
Home Басты ақпарат

ӨРКЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫНДА ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН ШАҺАР

16.05.2024
in Басты ақпарат
ӨРКЕНИЕТТЕР ТОҒЫСЫНДА ҚАЙТА ЖАҢҒЫРҒАН ШАҺАР

Түркістанда «2024-жыл Түркістан – түркі елдерінің туризм астанасы» атануына орай Туризм және меймандостық университеті мен Түркістан қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Түркістан — көне мен келешек көпірі» пресс-туры өтті.

Оқи отырыңыз...

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

Шымкентте бизнесті дамытуға арналған ауқымды семинар өтті

08.04.2026
В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

В Шымкенте прошёл масштабный семинар по развитию бизнеса

08.04.2026
Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

Түркістанда қоғамдық тамақтану қауіпсіздігі күшейтілуде

07.04.2026

Аталған шараға келген журналистер көне шаһардың жаңа құрылыс нысандарымен танысып, Туризм университетінің тыныс-тіршілігін көріп қайтты.

Қала қонақтары алдымен Отырар мөлтек ауданындағы                                  5 қабатты 20 үйдің және мәдениет сарайының құрылысымен танысты. 800 пәтерлі 5 қабатты 20 тұрғын үй (56,4 мың ш.м.) құрылысы облигация есебінен (кредиттік тұрғын үй) басталған. Пәтерлерді нарық бағасынан төмен, яғни шаршы метрі  220 мың теңгеден несиеге ұсыну жоспарланып отыр. Ал аумағы 1,13 гектарды құрайтын 500 орындық мәдениет үйінің құрылысы 2023 жылы басталды. Мәдениет үйінің құрылыс жұмыстары келер жыл ішінде аяқталып, қолданысқа беріледі деп күтілуде.

Атап  өтейік, облыс орталығында 61 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде: 8 әлеуметтік нысан, 3 саябақ, 5 қабатты 20 тұрғын үй құрылысы мен 30 нысанда инженерлік инфрақұрылым жүйелері жүргізілуде. Бұдан бөлек облыс орталығында 5 спорт кешенінің құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Өңірдің экономикалық дамуын анықтайтын басты сала – өнеркәсіп саласы. Түркістан қаласында 2023 жылы 25,8 млрд.теңгенің өнімі өндірілген. 2020 жылы бұл көрсеткіш 15,8 млрд.тг құрайтын.  Өнім өндіру 61 пайызға артқан.

БАҚ өкілдері облыс орталығындағы «Asia Brend» жиһаз өндіретін фабрикаға ат басын бұрып, жұмысымен танысты. 150 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын жылына 22 мың жиһаз жасап шығаруда. Отандық өнім Түркістанда ғана емес, Алматы, Астана, Шымкент, Қызылорда және Тараз қалаларында сатылымда. Сонымен қатар, Ресей мен Қырғызстанға экспортталуда.

Қаладағы жақсы жаңалықтардың бірі – Жастар орталығына арнап жеке ғимарат салынуда. БАҚ өкілдері ғимарат құрылысының барысымен танысты. Жастар орталығында арнайы демалыс аймағы, стрит-воркаут алаңы, амфитеатр, электронды кітапхана бөлмесі, үйірмелерге арналған бөлмелермен, шағын спортзал және көпфункционалды залдармен қамтамасыз етіледі.

Түркістанда зейнет жасындағы  адамдардың салауатты өмір сүруі мен денсаулығына оң жағдай жасау мақсатында 2022 жылы «Әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» ашылып, жұмысын бастаған. Сол жылы 774 адамға қызмет көрсетсе, 2023 жылы  бұл көрсеткіш                            2 983 адамға жетті.  Тұрғындардың сұранысы бойынша биыл «Белсенді ұзақ өмір» секторының Бекзат мөлтек ауданында №1 филиалы ашылды. Қала қонақтары әлеуметтік нысанда болып, зейнеткерлер үшін жасалған жағдаймен танысты. Ғимаратта денсаулықты жақсартуға арналған арнайы бөлмелер, массаж кабинеті, зияткерлік ойындар мен бильярд бөлмесі, тұз шахтасы, жаттығу жасауға арналған бөлме жасақталған. Мұнда зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтарға күндізгі сауықтыру-демалыс және сүйемелдеу қызметі көрсетіледі.

Қонақтар сондай-ақ, этно-ауылдағы шеберлер көрмесін тамашалады. Түркістан қаласында қолөнер бұйымдарын жасау – ғасырдан-ғасырға жалғасып келе жатқан үрдіс.

Қалада «Turkistan Qol oner» одағы қоғамдық бірлестігі жұмыс жасайды. Құрамында 115 мүше тіркелген. Сонымен қатар, «Түркістан қаласының балалар қолөнер мектебі» жұмыс істейді. Мектепте 475 оқушы өз өнерін шыңдап, ата дәстүрді игеруде. Түркістан қаласында қолөнершілерді қолдау мақсатында тұрақты түрде қолөнершілер көрмелері, сайыстар, іс-шаралар ұйымдастырылады.

Шара барысында БАҚ өкілдері биыл 5 жылдығын атап өткелі отырған Халықаралық туризм және меймандостық университетінің тыныс-тіршілігімен танысты.

Халықаралық туризм және меймандостық университеті – туризм саласындағы еліміздегі алғашқы бейінді мемлекеттік университет. Биыл құрылғанына 5 жыл толып отырған университет алғашқы түлектерін ұшырмақ. Бүгінде университет Түркия, Франция, Польша, Словакия, Таиланд, Малайзия оқу орындарын қоса алғанда, 31 шетелдік жоғары оқу орнымен ынтымақтастық туралы келісімге ие. Яғни, білім алушы жоғарыда аталған мемлекеттерде арнайы тағылымдамадан өтіп, өндірістік тәжірибе жинай алады.

Баспасөз туры соңында Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков БАҚ өкілдерімен кездесіп, қаланың даму жоспарымен бөлісті. Сауалдарға жауап беріп, ашық сұхбат құрды.

 

 

 

 

 

ShareTweetShareSendShareShare

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда инвесторларды қорғаудың жаңа тетіктері талқылануда

Қазақстанда инвесторларды қорғаудың жаңа тетіктері талқылануда

09.04.2026
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВНЕДРЯЮТСЯ ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЭФФЕКТИВНЫЕ СПОСОБЫ ОТОПЛЕНИЯ ТЕПЛИЦ

В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ ВНЕДРЯЮТСЯ ЭКОЛОГИЧЕСКИ ЭФФЕКТИВНЫЕ СПОСОБЫ ОТОПЛЕНИЯ ТЕПЛИЦ

09.04.2026
ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ЖАУҺАРЫ АТТЫ АЙМАҚТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ЖАУҺАРЫ АТТЫ АЙМАҚТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ

09.04.2026
Facebook Instagram Youtube Telegram VK Twitter

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

Құпиялылық саясаты

Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп
ақпараттық агенттігі ретінде 19.03.2021 ж. № KZ72VPY00033653  куәлігі берілді.

E-mail: newqazaq@mail.ru
Телефон: +7 707 460 8546, +7 701 319 99 91
Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Саясат
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Руханият
  • Экономика
  • Аймақ
  • Спорт
  • Құқық-заң
  • Технология
  • Денсаулық
  • Біз туралы
  • Портал тәртібі
  • Байланыс

© 2021-2026. Newqazaq.kz - ақпараттық агенттігі. Барлық құқықтар сақталған